Өмірбаяны

Есіркеев Қуаныш Раймқұлұлы Қарағанды облысы, Балхаш қаласында 1947 жылы 14 қарашада туған. Қуаныш от басында баланың үлкені. Анасы тігінші, әкесі суретші болған.
1949 жылы от басы Қарағанды қаласына көшіп келеді. Қуаныш жеті жасқа келгенде, № 7 мектепке оқуға барады. Ол кішкене кезінен бастап, ауладағы жылқының, иттің, мысықтың суретін салуды жақсы көреді. Мектепте жақсы оқиды. Сол кезден бастап, Қуаныш жақын жердегі сурет үйірмесіне қатысады.
Сегізінші сыныпты аяқтағаннан кейін, ол Алматының көркем өнер училищесіне, кескіндеме бөліміне оқуға түседі. Үшінші курстан бастап, мұғалімдер келісе бермейтін Қуаныштың ерекше шығармашылық жолы байқала бастайды.
Училищені өте жақсы бітіргеннен кейін, оған Москваның Суриков атындағы өнер институтына жолдама береді. Бұл Қуаныштың шығармашылық өмірінде қайталанбайтын өнер жолының, белсенді іздену кезеңі болады. Және бұл бірінші курстан кейін институтты тастауға әкеліп соғады. Себебі, оның бұл әрекеті мұғалімдер талабына сай келмейді.
Қарағандыға қайтып келген бойда, оны Санкт-Петербургке, кейінде Киевке, әскер қатарына алады. Оның шынайы шығармашылық өнері әскер міндітін атқарып келген кезден басталады. Осы кезде Қуанышытың өнерге көз қарасы қалыптасып, шеберлігі шыңдалғаны байқалады.
Қуаныш шеберханадан шықбастан, сызбаларын, кескіндемелерін көп ойластырсада, оның өнерге өте жоғарғы талабы оған маза бермейді. Суреттері дұрыс салынған болсада, ол салған шығармаларын қайта қайта өзгертіп, мінсіз салуға ұмұтыла береді.
Сол кезде ол үнсіз қалып, апталап ешкіммен араласбастан, шығармаларын шыңдау жолында өзін әбден қажытады. Қуаныштың соңғы шығармашылық жылдарындағы жұмыстары көрермендерін үдемелі түстерімен таңғалдырады. Шығармаларынан толған қасырет, асқан күш қайрат сезінуге мәжбүр етеді.
Қуаныштың суреттері көрермендерін: біздің өмірімізге бағынбайтындай, қол жетпейтін, ой жетбейтін басқа бір ғарыш кеңістігіне жанасқандай белгісіз сезімге душар етеді.